Ардагерлер зияткерлік мектепке мейман болды

Бүгін «Ата» қоғамдық қоры ҰОс және тыл, еңбек ардагерлерін Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне саяхат жасатты. Ақшаңқан зәулім білім ордасымен қарияларды таныстыру үшін қор басшысы М.Әбдіхалықов арнайы автобус жалдаған.IMG_1800Ардагерлерді қарсы алуға мектеп ұжымы мен өңшең озат оқушылар дайындалып отыр екен. IMG_1813
IMG_1902Бұл – шын мәнісінде де облыстағы абыройлы әрі сәнділігімен көз тартатын оқу ошағы екен. Мұнда екінің бірі қызмет етіп, кез келген оқушы білім ала алмайды. Сынақтан сүрінбей өткендерге ғана есік айқара ашық. Бұл мектепте Қостанай қаласын есептемегенде, алыс-жақын аудандардан, тіпті басқа облыстардан келіп білім алып жатқан оқушылар бар.IMG_1960 Омырауын орденмен оқалаған «тірі тарихтар» осынау сәні мен мәні келіскен мектепте тәрбие-біліммен сусындап жатқан болашақпен етене танысты. Сабаққа қатысып, озат өрендерді әңгімеге тартты. Баталарын берді. IMG_1975
IMG_1954
IMG_1969Меймандарға мектептің көрікті бұрыштары таныстырылды. Бай кітапханаға бас сұқты қарттар. Мұнда да дәстүрлі сөрелермен қоса, заманауиландырылған бөлмелер бар. Жағалай компьютерлер қойылған. Ғаламтор дәйім қосылулы. IMG_1885Оқушылардың жатын бөлмелері де ардагерлердің разылығын оятты. Жайлы, таза, жинақы, көркем. IMG_1923Жан-жақтарына балаша анталап, көңілдері көтеріліп, бір серпіліп қалған ата-әжелер «Мың естігеннен бір көрген артық» деген осы-ау» десіп жатты.IMG_1946Өнерлі оқушылар даңқты ата-әжелеріне арнап концерттік бағдарлама ұсынды. Білім мен өнерді тең ұстап, ұштап жүрген өрендер әсем әндер айтып, мың бұрала би биледі. IMG_2017
IMG_2027Мұнан соң сахна төріне көтерілген ардагерлер де ағынан жарыла сөйлеп, мектеп ұжымына алғыстарын айтып, баталарын жолдады.IMG_2033 Қадірлі меймандар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Соңында қарттар мектеп ғимаратының алдында естелікке суретке түсті.
IMG_1826
 
 
 
Жандос Жүсіпбек
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓