ҚЫЛҚАЛАМШЫЛАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

      Биыл Қазақтың тұңғыш мүсіншісі, жерлесіміз Хәкімжан Наурызбаевтың туғанына 90 жыл толады. Айтулы датаға байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың Қостанайдағы жалғасы суретшілер арасындағы пленэр-семинардың өтілуі болды.

IMG_2243

      Алматыдан арнайы келген суретшілер баспасөз клубында бас қосып, апталық пленэр барысындағы жұмыстарын пысықтады. Астықты өлкедегі бейнелеу өнеріне жоғары баға берген ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, осы жобаның тізгіншісі Мария Жұмағұлова тәжірибе апталығындағы кейбір ерекшеліктерге тоқталды.

IMG_2242

    – Суретші – индивид. Бұл керемет өнердің иесі әлемді басқа көзбен көруі керек. Сол секілді, оңтүстік пен солтүстік өңірдің суретшілерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, Алматы жақта ашық палитраны көп қолданса, солтүстік аймақтарда өз табиғатына тән бояу түстерін кеңінен пайдаланады. Бұл "Ауада сурет жасау" әдісі арқылы сурет салуға зор мүмкіндік береді, – дейді Мария Жұмағұлова.
    Эстетикалық бағыттағы "Пятница" көркемөнер бірлестігінің жетекшісі Максим Швецов КСРО-ның атақты суретшісі Иван Стадничуктің шығармашылығымен таныстырды. Және де Қостанай мен Алматыдағы өңірлік сурет мектептерінің аяқ алысына риза екенін жеткізді.

IMG_2261

       Біріккен жобаға 3 алматылық, 7 қостанайлық суретшілер қатысты. Тобыл өңіріндегі табиғи ландшафтылардың көрікті жерлерін қағаз бетіне түсірген қылқалам шеберлері живопись салу кезіндегі біршама жетістіктер жайлы ой бөлісті.
   – Мен табиғат аясында сурет салғанды ұнатамын. Қазір көбі осы живописті дизайнмен шатастырып жүр. Бұл екеуі – екі әлем. Осы пленэр-апталықта қостанайлық суретшілердің бояу қолданысы көңілімнен шықты. Жақсы суреттің, көркем пейзаждың жасалуына жергілікті климат та әсер етеді деп ойлаймын. Солтүстік суретшілерінің акварельмен жұмыс жасауы да қатты ұнады, – деді "Пятница" көркемөнер бірлестігінің суретшісі Егор Безбородов.  

IMG_2271

    
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓