Көптің батасы тиді

Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 2:1 есебімен жеңді.ҚР Премьер-Лига командалары арасындағы 24-ші турда жерлестеріміз үш ұпай олжалады.Қос қарсылас арасындағы кездесудің алғашқы бөлігінде ойламаған жерден қонақтар есеп ашты. 23-ші минутта Пламен Димов А.Петухов қақпасын дәл көздеген болатын. Бұдан кейін «Тобыл» футболшыларының қарымта қайтарар талай мүмкіндігі мүлт кетті. Сөйтіп үзіліске дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.55d9dedcad725
         Ойынның екінші таймы басталысымен алаң иелері алдыға лап қойды. Осындай ұрымтал сәттердің бірінде Томаш Шимкович есепті теңестіріп үлгерді. Бұл кездесудің 47-ші минуты еді. Арада он минут өткенде Томаш тағы да суырылып шығып, қарсыластар қақпасын нысанаға алды. Оның соққысы қостанайлықтарға жеңіс әкелді.55d9dedde9edc
       Сонымен  қоржынында 16 ұпайы бар қостанайлық команда турнир кестесінде 8 орында тұр. Енді жерлестеріміз 13 қыркүйекте Қызылорданының «Қайсарына» қонаққа барады.55d9dedbc9867
      «Тобыл» футболшылары осымен екінші рет «Шахтермен» ойын алдында өз жанкүйерлерімен кездесіп, көптің батасына кенелді. Естеріңізде болса, көктемде, кеншілерді 4:1 есебімен жеңердің алдында қостанайлық футболшылар жанкүйерлерден «сөз естіген» еді.  Жанкүйерлер бұл жолы да  ойынға бірер күн қалғанда С.Масленов шәкірттерінің ширай түсуіне сеп болды.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓