Қазақ тілін оқытуда

Қостанай облысындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде мемлекеттік тіл оқытылып жатыр. Мұндай игі бастаманы облыстық әкімдіктің тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқытудың облыстық орталығы бірлесе жүзеге асыруда.20150722_173511
Қазақ тілі сабақтары биыл бес жазғы сауықтыру лагерьлерінде өтуде. Олар «Светофор», Әулиекөл ауданындағы «Достық», Денисов ауданындағы «Солнечный», Рудный қаласындағы «Орленок», «Чайка» лагерьлері. Мұндағы 1 511 оқушы қазақ тілінен білімдерін жетілдіріп жатыр.20150722_172023
-Балалардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қызығушылығын арттыру басты мақсатымыз. Бұл ойды іске асыру үшін танымдық сайыстар, ертегілер, қойылымдарды мемлекеттік тілде өткізудеміз. Қазақ тілі сабақтарына қатысқандардың 66,3%-ы өзге этностардың балалары екенін атап өткен жөн,-деді Тілдерді оқытудың облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Гүлнар Талапова.
 
Қымбат Досжанова

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓