Өркені өскен бір өңір
Аманкелді ауданында 11 маусымда "Қостанай таңының" күндері өтеді
Жансұлтан ТАУКЕНОВ,
Аманкелді ауданының әкімі:
Меже айқын, міндет зор
– 2014 жылдың өткен 4 айында аудан экономикасының негізгі капиталы 121 миллион теңгені құрады. Аталған қаражаттың 100 пайызы меншікті қаражат үлесінен келіп отыр. Аудан бойынша 32,8 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнім өндіру – 104,1 пайызды құрады (2013 жылы бұл көрсеткіш 31,5 миллион теңгені құраған болатын). Өткен 4 ай бойынша адамдардың орташа жалақысының мөлшері – 65 753 теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайызға артты (2013 жылы орташа жалақы 61105 теңге болған). Бюджетке 49,8 миллион теңге салықтық түсімдер жиналып, орындалуы 110,2 пайызды құ-рап отыр. Нәтиже белгіленген жоспардан 4,6 миллион теңге артық орындалды. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік субъектілері 597,9 миллион теңгенің өнімде-рін өндіріп, бюджетке 31,6 миллион теңге салықтық түсімдер түсірді. Аудан бойынша бөлшек сауда айналымы 107,4 миллион теңге болып, бөлшек сауданың нақты көлем индексі 102,2 пайызды құрады.
Біздің ауданымыздың экономикасының құрылымындағы негізгі сала – ауыл шаруашылығында биылғы жылдың 4 айында 841,8 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, оның физикалық индексі 106,6 пайыз болды. Ағымдағы жылы аудан шаруашылықтары "Сыбаға" бағдарламасына қатысу арқылы 71 бас ірі қара мал сатып алуды жоспарлаған. Бүгінге текті "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Қостанай филиалы арқылы "Дария" шаруа қожалығы – 59 бас және "Едрес" шаруа қожалығы "Аманкелді финанс" кредиттік серіктестігі арқылы – 24 бас, барлығы 83 бас ірі қара мал сатып алуға қажетті құжаттарын толық рәсімдеп, агрокредиттік корпорацияның Қостанай облыстық филиалында қабылданып, мақұлданды. Ауданда "Сыбаға" бағдарламасы бойынша жоспарды асыра орындауға толық мүмкін-дік бар және осы бағытта жұмыстар жалғасуда.
– Көктемгі егіс жұмыстары қалай өтті?
– Аудан бойынша 85273 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары себілді. Мұның ішінде 81700 гектарға – дәнді-дақылдар (80000 гектар бидай, 1500 гектар арпа, 200 гектар сұлы) 3251 гектарға – майлы дақылдар, 130 гектарға – 1 жылдық шөптер, 64,5 гектарға – картоп, 67,5 гектарға – көкөніс және 60,0 гектарға – бақша дақылдары егілді. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 1290 тонна арзандатылған дизель отыны берілді. "Қазмұнайгаз өнімдері" АҚ арқылы 400 тонна, "Таlа Оіl" серіктестігі арқылы 890 тонна бөлінді. Бүгінге 37 шаруашылық 1171,9 тонна отынға келісім-шартқа отырды (жалпы көлемнің 91 пайызы), 991,6 тонна отынға қаржы төленді (77 пайыз), 977,6 тонна отын тасып алынды (76 пайыз). Аудан бойынша 15100 гектар жерге егісалды өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданда индустрияландыру картасынан тыс 3 жоба іске асырылуда. Үрпек ауылдық округінде "Ұлы дала" ШҚ негізінде "Мал шаруашылығы кешені құрылысын салу және ірі қара мал басын 400-ге, жылқы басын 250-ге, қой басын 600-ге жеткізу" жобасы асырылуда. Шаруашылық өз қажеті есебінен 120 миллион теңге игеріліп, 3 пәтерлік тұрғын үй, 3 мал қорасын пайдалануға берілді. 105 жылқы, 210 ірі қара және 400 қой сатып алынды.
Амантоғай ауылдық округінде "Әлішер" ШҚ негізінде "Мал шаруашылығы кешені құрылысын салу және ірі қара мал басын 250, жылқы басын 200, қой басын 300-ге жеткізу" жобасы іске асырылуда. Шаруашылық өз қаражаты есебінен 95 миллион теңге игерді. 1 үй 1 мал қорасы салынды, 80 жылқы, 100 ірі қара және 140 қойы бар және ауылшаруашылық техникаларын сатып алды.
Байғабыл ауылдық округінде "Әли-3" ШҚ негізінде "Мал шаруа-шылығы кешені құрылысын салу және ірі қара мал басын 300, жылқы басын 300-ге жеткізу жобасы жүзеге асырылуда. Шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 72,7 миллион теңге игеріп, 1 үй, 1 мал қорасын салды. Шаруашылықта 80 бас жылқы, 150 бас ірі қара және ауылшаруашылық техникалары бар.
– "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы қалай игерілуде?
– Бұл бағдарламаның "Кәсіп-керлік әулетті нығайту" бағыты шеңберінде 4 жоба ұсынылып, К.Аяшованың "Сандық түрлі-түсті шағын баспахана ашу" бизнес-жобасы мақұлданып, 1,7 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінді.
"Жұмыспен қамту – 2020" жол картасы бағдарламасы бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы бағдарламаның екінші бағыты бойынша 45 миллион теңге бөлінді. Есепті мерзім-ге бірінші траншпен Аманкелді, Үрпек, Ақсай және Есір ауылдарының өзін-өзі қамтып отырған 10 азаматы 23 миллион 650 мың теңгеге компьютерлік орталық ашу, мал шаруашылығын дамыту және автокөлік жуу станциясын ашу жобалары мақұлданып, бас-тапқы 16250 мың теңге несие берілді.
– "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар жасалуда?
– Осы бағдарлама бойынша биыл "Байғабыл ауылының су жүйесін қайта құрылымдау" бюджеттік инвестициялық жобасы бойынша бөлінген 176,5 миллион теңгеге қайта құрылымдау жұмыстарын көрсетілген мерзімде аяқтап, қаржыны уақытылы игеру көзделіп отыр. Сол сияқты, "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасы бойынша 4 ай ішінде 399 шаршы метр тұрғын үй жайлары пайдалануға берілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда орындалуы 110 пайызды құрады. Құрылыс жұ-мыстарында барлығы 41 миллион теңге қаржы игерілді.
"Аумақтарды дамыту" бағдарламасы бойынша 15,8 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға 8 елді мекенде ауылдық клуб ғимараттарына ағымдық жөндеу, балалар ойын алаңын салу, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
– "Қостанай таңы" газетіне айтар тілегіңіз?
– "Қостанай таңына" облысымыз бойынша ең көп жазылған біздің ауданның халқы. Демек, бұл – аманкелділіктер облысымыз бойынша мемлекеттік тілде шығатын жалғыз газетімізді лайықты құрметтейді деген сөз. Менің өзім де басылымды ықыласпен оқимын. Редакцияның жаңа басшылығының оқырмандармен кездесіп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.
Аманкелді – облысымыздың оңтүстігінде орналасқан тарихи аудандардың бірі. Ауданның қазіргі жер көлемі – 2 250 998 гектарды алып жатыр. Осының 168 123 гектары – егіндік, 965 333 гектары – шабындық, 1 878 978 гектары – жайылымдық жерлер. Аудан халқының саны –17 111 адам. Олар 11 селолық және ауылдық округтерде орналасқан.
Ауданның жері төрт түлік мал өсірумен қатар егін, бау-бақша, картоп, көкөніс өсіруге де қолайлы.
БІЗДЕН ДЕ БІР ТІЛЕК
"Ұлы дала" шаруа қожалығының төрағасы.
Мен туып-өскен Күлік ауылы осыдан 4-5 жыл бұрын бос қалды. Жұрт жан-жаққа көшіп кетті. Торғай өзенінің жағасындағы құнарлы қоныстың бос қалуы жаныма батты. Себебі, мен ғана емес, барлық бауырларым және ата-бабам осы ауылда туып-өсіп, тірлік кешкен еді. Сондықтан да, өзімнің досым шымкенттік кәсіпкер Руслан Сәрсеновке хабарластым. Күлік ауылында мал өсіруге ұсыныс жасадым. Ол менің ұсынысымды қуана қарсы алды. Сөйтіп, Руслан Аманкелдіге келіп, аудан басшыларымен әңгімелесіп, Күлік ауылында мал өсіруге қадам жасады. Мемлекеттен бір тиын да алмай, өз қаржысын салып, шаруаны бастады. "Ұлы дала" атты шаруа қожалығын ашты. Қазіргі таңда "Ұлы дала" шаруа қожалығы 120 миллион теңгені игеріп, 3 пәтерлік тұрғын үй, 3 мал қорасын пайдалануға беріп, төрт түлік мал өсіріп отыр. Жұмыскерлерге жалақылары уақытылы берілуде. Олардың алаңсыз еңбек етуіне толық жағдай жасалған.
Бастамамыз жаман емес. Болашақта ауылда бірнеше жаңа құрылыстар салынбақ. Шағын мектеп, фельдшерлік пункт, монша салу ойымызда бар. Әрине, бұл – жеке кәсіпкерлікті дамытуға Елбасымыздың жасап отырған қамқорлығының арқасында жүзеге асып отырған игіліктер. Біздің шаруашылықта қазір 8 адам тұрақты жұмыс жасайды. Олардың барлығы да "Қостанай таңы" газетін алдырады. Бәрі де газеттің тұрақты оқырмандары.
Мен газеттің ауданымызда өтетін күндерін қуанышпен қабылдап отырмын. Себебі, журналистер халықпен тығыз байланыста болуы керек. Соның нәтижесінде жақсы мақалалар жазылады. Алдағы уақытта газет ауданымыздың басты мал өсіруші шаруа қожалығы болып отырған "Ұлы даланың" тыныс-тіршілігін де облыс халқына таныстырады деп ойлаймын. Журналистермен халықтың байланысы арта беруін қалаймын. Шығармашылық жүздесу аудан халқына және "ҚТ" газеті журналистеріне де нәтижелі болғай!
аудан әкімінің орынбасары:
Баспасөз – қоғамның қозғаушы күштерінің бірі. Ол сонымен бірге халықты ұлт мұратына адалдыққа тәрбиелеуші де. "Қостанай таңы" газетінде оқырманға ой салатын материалдар аз жазылмайды. Сондықтан да, біз облыстық газетті таратуға әрдайым жіті маңыз береміз. Осының нәтижесінде Аманкелді ауданы "Қостанай таңы" газетін таратуда облыс көшін бастауда. Аманкелділіктер қазір 1623 дана "Қостанай таңын" алдырып отыр. Біз, алдағы уақытта да осы бағыттан таймаймыз.
Орайы келіп тұрғанда айтпағым – газет бетінде шалғайдағы өңірлердің тірлігі туралы көбірек жазылса, дұрыс болар еді. Әсіресе, қарапайым еңбек адамдары туралы. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы туралы да өткір мақалалар жазылса, өзге ұлттардың және өз ұлтымыздың мемлекеттік тілге деген жауапкершілігін арттырар еді. Біз қалай болғанда да мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биікке көтеруіміз керек. Ол үшін бұл шаруаны көп болып бірлесіп, тындыруымыз шарт. Осы орайда журналистер қауымы көп іс тындырар еді. Бұл – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Сондықтан да, күнделікті өмірде тынымсыз жұмыс жасауымыз міндет.
Бетті ұйымдастырған "Қостанай таңының" Аманкелді ауданы бойынша меншікті тілшісі Хамитбек МҰСАБАЕВ.