Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып

Таран ауылында округ әкімі Азамат Қалиақпаров бастаған бір топ мемлекеттік мекеме-ұйым қызметкерлері мен жеке кәсіп иелері жаңадан ашылған саябақ аумағына алғашқы ағаштарды отырғызды.
саябақ 1«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», аудан орталығының көгалдануына өзіндік үлес қосып отырған тұрғындардардың бірлігі мен ұйымшыл тірлігіне сүйсінбеске болмайды. Бұл жолы саябаққа 1000-нан астам қарағай,қайың, терек, емен, шетен мен алма ағашының көшеттері отырғызылды. Көпке үлгі болып, қолына күрек алған Азамат Аманжолұлының айтуынша, келер жылы саябаққа асфальт  пен кеспе тас төселіп, тағы да осыншама ағаш егілмек. Осылайша жасыл желекке оранған жаңа саябақ тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналатына сенімдімін, – дейді ол. Біз де өз кезегінде, ауыл-аймақты көркейтуге бағытталған осындай акциялар тамаша дәстүрге айналса деген тілегіміз бар.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓