Шекара бекеті уақытша жабық
Қазіргі уақытта «Қайрақ» Қазақстан-Ресей шекаралық бекетінде жөндеулер жүргізіліп жатыр. Жұмыстарға «Казсеватодор» ЖШС мердігерлік етуде. Шекаралық бекетті жаңа кейіпке ендіру ісі ағымдағы жылдың қараша айына дейін созылмақ.
Жөндеу жұмыстарына байланысты қос ел жолаушыларына қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Сондай-ақ шекарадан өту мерзімі ұлғайтылуы ықтимал. Сондықтан тиісті мекеме басшылығы алдын ала кешірім сұрап, елдің арғы бетіне өтем деушілерге өзге де маршруттық бағыттарды қарастыруларына кеңес беріп отыр.
Жандос Жүсіпбек