Алтынсарин ілімдері
Рудный қаласы. Ы.Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде «Ыбырай Алтынсарин және жаһандану дәуіріндегі кәсіптік білім берудің өзекті мәселелерінің дамуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция мақсаты- Ы.Алтынсариннің бай рухани мұрасын зерттеу, инновациялық оқыту әдiстерін пайдалану, бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы негізгі мәселелерді талқылау. Жиналғандар кәсіби білім берудің сапасы, иннновациялық технология, маман біліктілігі секілді мәселелерді талқылады.