Өзге тілдің бәрін біл…

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген жастардың арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға облыстың аудандары мен қалаларынан 24 адам қатысты.IMG_7595Олимпиаданың мақсаты: үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетін тәрбиелеу, өзге халықтардың тілін мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру. Олимпиада келесі  шарттар бойынша өткізілді:
1) тапсырылған тақырыптың мазмұнын толық ашу;
2) тапсырылған тақырып бойынша эссе жазу;
3) мәтінге ілеспе аударма жасау.
IMG_7920Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ахметов қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, барлық сайыскерлерді құттықтады.
 «Тілдарын» атты облыстық олимпиадаға қатысқандардың барлықтарына сертификаттар табысталды.    
Қарабалық ауданынан келген Мадина Нарбек «Сөз шебері», Рудный қаласынан келген Жұлдызай Куватова «Тіл шебері», Жітіқара ауданынан келген Мадина Таңатова «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болып, дипломдармен және тұрмыстық-техникаларды сату бойынша дүкендер желісінің 5 000 теңге көлеміндегі сыйлық сертификаттарымен марапатталды.IMG_7618Олимпиада қорытындысы бойынша: жүлделі І орынды А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенті Анипа Нұрмаганбетова ие болып, дипломмен және тұрмыстық-техникаларды сату бойынша дүкендер желісінің 20 000 теңге көлеміндегі сертификатымен марапатталады. Жүлделі ІІ орынды Жанкелдин ауданынан келген Қорлан Болат ие болып, дипломмен және тұрмыстық-техникаларды сату бойынша дүкендер желісінің 15 000 теңге көлеміндегі сертификатымен марапатталады және ІІІ орынды Арқалық қаласынан келген Ақерке Жарылқасын ие болып, дипломмен және тұрмыстық-техникаларды сату бойынша дүкендер желісінің 10 000 теңге көлеміндегі сертификатымен марапатталды.
2018 жылдың қараша айында Петропавл қаласында өтетін «Тілдарын» атты республикалық олимпиадаға Қостанай облысының атынан жүлделі І орынға ие болған Анипа Нұрмаганбетова қатысатын болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓