Көрінген таудың алыстығы жоқ
Лисаков қаласы әкімдігінің өтінішхаты бойынша облыстық бюджеттен Октябрьский елді мекенін газбен қамтуға қаржы қарастырылатын болып шешілген. Газ желісі құрылысына арналған жер телімі де белгіленіп қойылды. Тек жобалық сметалық құжатнама қаралу барысында. Биылдан қалмай біржақты етілуі тиіс. Одан соң облыс қазынасынан тиісті қаражатты күту ғана қалады.
Қалалық билік октябрьліктер пәтерінде көгілдір отын пайда болса, жаппай орталықтандырылған жылудан бас тартады деп сеніп отыр. Өйткені, айтуларынша, газбен жылыну тұрғындарға әлдеқайда арзанға түспек. Басты сұрақ – ауылдықтардың бұл ғанибетке қаншалықты тез қол жеткізетіндігіне қатысты. Себебі бірер жылдар бұрын қаланың аз қабатты аудандарын газбен қамту жұмыстары бір жыл ішінде тәмамдалмай қалғаны бар. Ол көбіне-көп тұрғындарға да байланысты. Бірі желіні үйіне бірден енгізіп алса, енді бірі сиырқұйымшақтатып жүріп алады. Құрылысшылар жұмыстың жүрелеп қалуына бірден-бір себептің осы екенін тілге тиек етеді.
Октябрьскийде тағы бір мәселе қылаң берді. Ауылда 15 шақырымға жуық қашықтықты құрайтын аумаққа салынған жерасты жылу жолы бар.Тек бұл су құбырлары төселіп-көмілгелі көп жыл өткен. Қазіргі күйі қайта жөндеуді аса қажет етеді. Бұл билік назарынан тасада қалмапты. Осы жылы-ақ ЖСҚ-сын дайындалмақ. Сметалық құжатты өңдеуге облыстық бюджеттен 6 млн. 48 мың теңге бөлінді.

Жандос Жүсіпбек