Жағажайдың «жағалауы» жырақта тұр
Лисаковта жағажай құрылысын іске асыруға ағымдағы жылы 46 млн.теңге қарастырылуы керек-тін. Әзірше, осы көзделген соманың 13 млн.-ы бөлінді. Бұл қаржы өзен сағаларын тазалауға жұмсалмақ. Құм өзен түбінен алынып, жағалауға төселеді. Бұл Лисаковта салынатын жаңа табиғи жағажайдың алғашқы нышандары болмақ.
Жобаның жалпы құны – 1 млрд. 200 млн. теңге. Қазіргі қаржы дағдарысы кезеңінде мұндай сомаға қол жеткізудің мүмкіндігі аз екені сөзсіз. Әйткенмен жергілікті билік көзделген қаражатты, ең болмағанда, бөлшектеп иемденуге ниетті.
Қала тұрғындары бұл жаңалықтан әлдеқашан құлақтанып алған. Алайда назардар болар күннің ауылы әлі алыста секілді.
Жандос Жүсіпбек