Біз – Астанада тұрамыз

Асқақ арман, Астанам!
Бәрімізі білетіңдей астана Ақмолаға ауысты деген кезде барлығы елордаға асықты. Жаңа мүмкіндіктер ашқан қала, барлық қазақтың арманың жүзеге асырды. Сол жылдар өзім де Астанаға арман қуып барған едім. Ауа-райы қалай суық болса, өзі де ешкімді жылы қарсы ала қоймайды. Астана тұрғындары мені түсінер, себебі бас кезіңде бәрі қиын болды. Алғашқы жылдары мамандығым бойынша жұмыс таба алмай, 3 жыл дүкенде сатушы болдым. Содан кейін бәрі қалыпқа түсе бастады, Елбасының тыңғылықты еңбегі мен жемісті нәтижелері Астанада адасып жүрген жастарға тура жол көрсетті.T37vdPeozTw
Бұрынғы №61 «Мишутка», қазіргі №25 «Таңшолпан» балабақшасына жұмысқа тұрдым. Міне 11 жылдың жүзі өтті сол балабақашада тәрбиешімін. Мамандығым мақтанышым болды. Оқушыларым талай сайыстардан жүлдегер атанып, марқайтып жүр. Әр таң жұмысқа бара жатқан уақытта  егеменді елімнің Елордасында тұрып жатқаныма қуанамын. Халқымыз тентіреп, аяғынан тұра алмаған кезде, Елбасының Астанаға шақырған үндеуін естіп келгеніме өкінбеймін.
Қазір Астанадағы жаңа достарыммен сол жылдарды күліп, сағына еске аламыз. Орындалған асқақ арман Астанамыз. Ыстық-суығымен сынап, өзіңе баураған қала. Біз сені сүйеміз – Астана!
 
Әсел ҚОЗБАҚОВА,
Астана қаласының тұрғыны.
 
Бір бақыт сәулесін сепкендей
Астанаға көшіп барған қостанайлық жас маманың бірі едім. 2002 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Информатика және бағдарламашы мамандығын бітіргеннен кейін Астана қаласына отбасымызбен көшіп келдік. Мен ҚР Сыртқы істер министрлігіне компьютер бағдарламашы маманы болып жұмысқа тұрдым. Міне, содан бері 13 жылдың жүзі болыпты. Астана біз сияқты жастармен бірге өсті. Біз Астананың қалай салынып, көркейгенін көзбен көрдік. Солай Астанадай арман қалаға барамын деп Саяттай екінші жартымды жолықтырып, бақытымды таптым. Кей-кейде Астана арман қала, бір бақыт сәулесін сепкендей шуағы мол шаттық қаласы деп бүкіл әлемге жар салғым келеді. Туған күніңмен бақыт сыйлаған Астанам!ИНДИРА
Астана – ел мақтанышы. Мұнда қызмет ету де, білім алу да – бақыт.
Астана – жаңа қала, әсем шаһар. Ол келешекте бүгінгіден де құлпырып, көркейе беретіндігіне сенім мол. Елордасмыз азғантай уақыттың ішінде адам айтса нанғысыз көздің жауын алар әдемі, зәулім үйлері, қыран ұшар биікке өрмелеген Елорда өзінің бар қасиетімен ерекшелінеді.
 
Индира БАЙГЕРЕЕВА,
жас ана.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓