Жастарды жұмысқа орналастырмақ
Қостанай қалалық балалар шығармашылығы мектебінде кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 16 жұмыс беруші қатысты. Соның ішінде «ДЕП» ЖШС және «Контакт Центр 10-10» ресейлік компаниясының қостанайлық филиалы да бар. Жастар бастамалары орталығының баспасөз қызметінің жетекшісі Иван Конышевтің айтуынша, мұндай жәрмеңкенің нәтижесінде жылына 40-50 адамды жұмыспен қамту мүмкін болуда.