Ішкі істер департаменті де WhatsApp-қа қосылды
Әлемге кеңінен танымал «WhatsApp» мессенджерін тәртіп сақшылары да кәдесіне жаратуды жөн көріпті. Атап айтар болсақ, құқық қорғау органдары халыққа жақын болу үшін, аталған бағдарламаға өз нөмірлерін тіркеді. Енді, Қостанай облысының ішкі істер департаментіне 112 нөмірімен ғана емес, ұялы байланыс құралының бағдарламасы арқылы +7-776-204-2820 нөміріне де шағымдануға болады.
Бұған дейін дәл осындай бағдарламаға ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің де қосылғанын хабарлаған едік. Бұл жайында мына сілтемеден https://old.kostanaytany.kz/archives/24402 оқи аласыздар.