Білім жүйесі жетілдіруді қажет ете ме?

ҚХКП облыстық филиалының өкілдері, білім мәселесі талқыға түскен  кезекті дөңгелек үстел барысында, радикалды реформа жүргізу туралы ұсыныс жасады. Оның ішінде, ЕЭО-қа енетін елдер үшін біртекті білім кеңістігін құру керектігін алға тартты. Білім
Қостанайлық коммунистердің білім саласын реформалау жайындағы ұсынысын білім басқармасы өкілдері мен педагогтар бірауыздан қолдап, жан-жақты талқыға салды. 
«Бізге кеңестік мектептерде дәурені жүрген білім беру жүйесінің жақсы жақтарын еске түсіруіміз қажет,- деп ой түйді ҚХКП хатшысы Дмитрий Легкий.  Нақтылағанда, барлық мектеп оқулықтарын бір тәртіпте жарыққа шығаратын ортақ бір ғана баспаның болғанын негізге алған жөн. Әйтпегенде, бұл іспен әртүрлі баспа айналысқан соң, кейбір деректер әрқилы түсінікке ие болып, сан алуан мағынамен тұтынысқа еніп кетеді.  Жалпы, Еуразиялық экономикалық Одақ (ЕЭО) құрамына енетін елдер үшін тіпті физика, математика, экономика сынды пәндерге біртекті оқулықтар ортақ шығарылуы керек».
Орайы келгенде, тестілеу жүйесін алып тастап, қайтадан бұрынғы емтиханға көшу турасындағы ұсыныстар да жолданды. Жалпы, ҚР білім жүйесін реформалауға серпін боларлықтай тың идеялар айтылды. Ұтымды ұсыныстар таразыға салынды. Жиынды қорытындылаған партиялықтар көзқарас-пікірі осыған сайды. Дөңгелек үстел аясында түйінделген қарар партияның республикалық комитетіне жолданбақ. Ал, одан әрі ол, тиісінше, ҚР білім Министрлігі деңгейінде талқыға алынатын болады. 
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓