«Online Expo-2017» байқауының алғашқы жемістері

12 маусымда «Астана ЭКСПО-2015» ҰК-да «OnlineExpo-2017» байқауына қатысатын отандық ғылыми-техникалық жобалар өнертапқыштарымен бірге баспасөз мәжілісі өтеді.экспо 2017
Спикерлер ретінде үш инноватор шақырылатын болады, олардың әрқайсысы Қазақстанда пайдаланылып жатқан инновациялық жаңалықтардың авторлары болып табылады.
Қостанайлық биолог Ободовская Валентина аллергия тудырмайтын, мамығы жоқ теректі сұрыптап шығарды. Инновациялық терек бүгінгі таңда Астана қаласының аумағында отырғызыла да бастады.obodovsk1
Бұл  Валентина Георгиевнаның алғашқы жаңалығы емес. Ол бұған дейін де сәнді де зәулім болып өсетін ағаштар сұрыбын ойлап тапқан. Қостанайда, және өзге де қалаларда, көптеген ірі де маңызды аллеяларда зейнеткер-биологтың маңдай терінен бой көтерген сәмбі талдарды кезестіруге болады.
Ғылыми-техникалық жобалар байқауының өзге де авторларымен таныстыра өтуді жөн көреміз. Арман Ақмаханов өзінің өнертапқыш жолдастарымен бірге «Шыңғысхан» атты жел қондырғысын ойлап тапты. Құрылымы балалардың ойнайтын зырылдауығына ұқсатып бірегей тәсілмен құрастырылғандығының арқасында «Шыңғысхан» қондырғысы желдің кез келген күшінде электр энергиясын өндіре алады. Қазір стартап-жоба GISTTECH-I халықаралық инновациялық байқауының финалына шықты. Бұл байқауға әлемнің 86 елінен кәсіпкерлер қатысуда.
«Жер, металлургия және кен байыту туралы ғылымдар орталығы» АҚ-ның қызметкері Сергей Требухов люминесценттік (іші сынапқа толтырылған) шамдарды экологиялық қауіпсіз жолмен кәдеге жаратудың тәсілін ойлап тапты. Қазіргі таңда жоба авторлары Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктен грант алып, «Астана – Жаңа қала» еркін экономикалық аймағында бұл жаңалықты келешекте өнеркәсіпте пайдалануға мүмкіндік беретін өндірістік телімді салуда.
«Жасыл» инновациялар мен жобаларды іріктеуге арналған «Online Expo-2017» республикалық байқауы ЭКСПО-2017 көрмесіне ғалымдар, өнертапқыштар мен инновациялық кәсіпкерлерді қатыстыру үшін өткізілуде. Байқау қазақстандық өнертапқыштарға өз жобаларын жұртшылық назарына ұсынып, өнертабыстардың өнеркәсіпке ендірілуіне қозғау салады деп күтілуде. Байқау ЭКСПО-2017 көрмесі басталғанға дейін жыл сайын өткізілетін болады, оның қорытындысы бойынша 2015, 2016 және 2017 жылдары өтетін «Болашақ энергиясы» форумы шеңберінде шағын ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
 
Жандос Жүсіпбек

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓