Электронды үкіметтің игілігін көрушілер артып келеді

«Электронды үкіметті» жүзеге асыру мақсатында, облыста 2007 жылдан бастап мониторингтік жобалар және қызмет көрсету аясы кезең-кезеңімен арна кеңітуде. Бұл – «электронды әкімдік», «электронды лицензиялау және рұқсат беру» сынды ауқымды ақпараттық жүйелер. Олардың жұмыстары мүлтіксіз жүруі үшін мығым ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар жасалуда.
Бұл басымдықтарды Қостанай облысының жұршылығы бағалай түскеніне көз жетеді.электронды үкімет
«Қызмет көрсету  саны 2012 жылғымен салыстырғанда, екі есеге дейін артты (2012 -17 937, 2014 -31850 қызмет көрестілді),-дейді облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі Арман Әбенов,- Соңғы үш жылда электронды-сандық қолтаңбалар иегерлерінің саны 17,4%-ға (2012 – 17887, 2014 – 102786 қолданушы) өсті. Мұның бәрі қызмет алушыларға жағымды жағдай туғызады».
Тиісті органдарға жекелей өтінім білдірудің маңызы азайып, мемлекеттік қызметтерге үйден шықпай қол жеткізу кім-кім үшін де тиімді. Оның үстіне, облыста ХҚКО-ын дамытуда жақсы жолға қойылған. Орталықтар шенеуніктер мен азаматтар арасындағы байланысты етене етіп, қолжетілімділікті баршаға мейлінше ортақ қылуда.
Айта кетейік, бүгінгі таңда аймақта 23 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Олардың 8-і – қалалық, 15-і – аудандық бөлімдер.
 
Жандос Жүсіпбек

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓