Төтенше жағдайлар қызметкерлері сайысты
Қостанай қ. ҚР Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің VІІ-ші жазғы спартакиадасында қостанайлықтар 4-орын алды. Тартысты дода Қарағанды, Ақтау және Петропавл қалаларында өтті. Үш күн бойы еліміздің барлық облыстарынан келген спортшылар жеңіске жетуге жанталасып бақты. Гір көтеруден жалпы командалық есепте Қостанай облысы 3-орын алып, кубокпен марапатталды.