Басы “жарылған” Бейімбет
Таран ауданы жазушы Бейімбет Майлиннің туған жері. Ауданға қарасты Красносельский ауылы Бейімбет атында болған екен бұрын. Осыған орай ауыл шетінде жазушының құрметіне бюст тұрғызылған. Ескерткіштің болғаны жақсы ғой. Бірақ, оның жайы тым мүшкіл. Бейімбеттің басы “жарылып”, жан-жағы қараусыз қалған. Сынған шөлмектерге толы. Есімін де қазақша жазу бұйырмапты. Айдалада қалған бір бейбақ сияқты. Әттең, осы жерге бір ауық көңіл бөлініп, көшеттер мен гүлдер отырғызылса қандай болар еді. Лениннің ескерткішін әлі күнге көкке көтеретіндер алаш ардықтыларын естен шығармаса дейсің. “Әттең…” демеске лажың жоқ.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА