Журналистерге арналған тренинг

Бүгін қостанайлық БАҚ өкілдері үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бастамасымен «Журналистерге арналған мультимедиа» оқу тренингі өтуде.
IMG_3752 Жаңа технологиялардың дамуы журналист жұмысына да айтарлықтай әсер етеді. Ақпарат ағыны заманында БАҚ өкілдері интернет пен түрлі әлеуметтік желілерді пайдаланып, заманауи жаңа технологияның мүмкіндігін игеруі тиіс. Бір күндік семинар барысында осы ой айтылды. Белгілі қазақстандық медиатренер Кәмила Жүсіпова заманауи мультимедиалық технологияларды жұмыс барысында қолдану, инфографика жасау туралы толығырақ түсіндірді. Семинар-тренингтің алғашқы бөлімі теориялық, екінші бөлімі практикалық жұмыстарға арналған.
Бір айта кетерлігі, мұндай тренинг дәл бүгін республикамыздың үш қаласында, Атырау, Павлодар және Қостанайда өтуде.
 
Қымбат Досжанова
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓