Төлқұжат алу оңай

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті алу үшін тұрғылықты жеріндегі немесе тіркелген мекенжайы бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарымен қатар, еліміздің кез келген халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінуіне болады.
төлқұжат «Бұл қызмет азаматтарымыздың уақытын және қаржылық шығындарын айтарлықтай үнемдейді, мысалы, жаңа жеке куәлік немесе паспорт алу үшін тіркеуде тұрған облысқа, ауданға барудың қажеті жоқ» дейді мамандар. Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді аты-тегін ауыстырған, құжат бүлінген, паспортты жоғалтқан, құжаттың мерзімі өтіп кеткен және тағы басқа жағдайларда тұрғылықты және тіркелген мекенжайына қатыссыз, кез келген ХҚКО-ға беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жағдайда жаңа құжат азаматтың тіркелген мекенжайы бойынша ғана беріледі.
 
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓