Психикалық жетілмеген жасөспірімдер оңалтудан өтуі тиіс

Қостанай облысында девиантты мінез-құлықы бар балаларға арналған мектеп құру қажет. Мұндай шешім облыстық ІІД-нің кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторлар  және ювеналды судьялар бас қосқан жиында ортақ ымырамен шығарылды. Бұл мектепті құру туралы  ұсыныс толық әзірленіп болысымен, Қостанай облысы Әкімдігіне жолданатын болады. Қазіргі уақытта 1176 жасөспірім полицей есебінде тұр. Оның ішінде 86 жеткіншек, түрлі психикалық ауытқушылықтары болғандықтан, басқа аймақтарда арнайы оңалтудан еріксіз өтуі қажет.Девиант-бала
-Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлығы бар балаларды Тараз, Қарағанды қалаларындағы арнайы мекемелерге жіберуге мәжбүрміз. Бұл мекемелер облыстық бюджеттен қаржыландырылатын болғандықтан, басқа аймақтың балаларын қабылдауға міндетті емес. Сондықтан да Қостанай облысында психикалық дамуында ауытқулары бар жасөспірімдер үшін  мектеп ашу қажет,–дейді Қостанай облысы кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Айзада Жанибекова.
Судьяның айтуынша, Тобыл өңіріндегі типі бойынша осыған ұқсас мекеме – Түзету мектеп-интернаты ғана. Бірақ, жарғы бойынша, аталған мекемеде жетім балалар немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер ғана арнайы оңалтудан өте алады.  Түзету мектеп-интернатының әкімшілігі отбасында тәрбиеленетін балалармен жұмыс жүргізуге қарсы емес, алайда ол үшін мекеменің жарғысын өзгерту қажет. Психикалық ауытқушылығы бар жасөспірімдерді оңалтудан өткізу кезінде ата-аналарының да жауапкершіліктен босатылмайтыны айтылды. 
Сондай-ақ семинар қатысушылары Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіндегі жаңалықтарды, нақтысын айтқанда, хаттамаларды сауатты құрастыру жөнінде  де талқылаулар жүргізді. Осыған байланысты, жуық арада облыстық ІІД аппаратында ювеналды полицейлер үшін оқыту семинары өткізілетін болады.
 
Жандос Жүсіпбек
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓