Тартысқа толы турнир
Қостанайда "Динамо" спорт клубында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир болып өтті.
Жарыста аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің 115 қызметкері сегіз салмақ дәрежесінде өзара күш сынасты. Спортшылар әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, қарсыластарын жеңу үшін бар күш-жігерлерін салды. Жалпыкомандалық есепте ОІІД аппаратының құрамасының мерейі үстем болды. Қостанай қаласы ІІБ командасы екінші, Арқалық қаласы ІІБ командасы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар Атырау қаласында өтетін республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады.