Балабақшалар көбейтіледі
Лисаков қаласы. Қалада тағы бір білім ошағы бой көтермек. 280 орындық балабақша құрылысына 649,9 млн. теңге қарастырылуда. Қаржының басым бөлігін Ұлттық қор көтереді. Ал, облыстық бюджеттен 16,6 млн. теңге қарастырылмақ. Мектепке дейінгі тәрбие ошағы алдағы жылы қолданысқа енгізіледі. Бұдан өзге, 1 шағынаудандағы балабақшаның жөндеу жұмыстарына 50 млн. теңге бөлінгенін айта кеткен жөн.