Жаңбырдан кейін…
Екі апта бойы үздіксіз жауған жауын мен оған қабаттаса соққан екпінді желдің салдары қала жұртын әуре-сарсаңға салды. Енді ғана ес жидыра бастаған табиғат мінезінен аз нұқсан келген жоқ. Көшелер мен аулаларда пайда болған көлшіктер көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына қолайсыздық тудырды. Әсіресе, Қостанай-2 ауданы зардапты көбірек тартып отырғандай.
Жолдардағы батып-шығып, баппен қозғалып жүрген машиналарға еріксіз көз сүрінді. Көлік тізгініндегілерді әдеткідей құрғақ жолдың тесік-шұңқырын түгендеу емес, шалшық суда шалынып-сүріну діңкелеткен сыңайлы.
Әлі де болса жол жиегімен абайлап жүріңіздер! Әйтпегенде көліктердің көмегімен күтпеген жерден «душ қабылдап» алуларыңыз мүмкін.
Долы жел 14 жол қозғалысы белгілеріне зиян тигізген. Қазір 10-ға жуығы қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, жел екпіні, бас-аяғы, 21 ағашты ұзынынан сұлатып, қақ белінен қиратыпты. «Тазалық-2012» ЖШС бригадалары оларды да тысқа шығарып болды.

Электр желілеріне қатысты 8 жағдай тіркелді: 1 кабель үзіліп, 6 жерде қысқа тұйықталулар болған. Костанай-СУ желісінде кұбыр жүйелеріне жаңбыр суының көп құйылуы салдарынан келеңсіздік туындады. Арнайы құрылғыларымен бұл мәселені дереу реттеуге 5 кезекші бригада жұмылдырылды. Алды айналып өткісіз айдынға айналған аулалар мен артық судан үйлерге тиетін қауіптің басын алу жұмыстарымен ЖПИК (ПКСК) айналысуда.
Мамандардың соңғы мәліметіне сүйенсек, осы айдың 16-нан бері орта айлық межеден 2 есе көп мөлшерде жауын-шашын түскен. Жалпы, жергілікті синоптиктердің жорамалдары жаңылыссыз келді. Бар болғырлар ауа райының ай аяғына дейін әлі де тұрақсыз мінез көрсетуі мүмкін екенін болжамдап отыр.
Жандос Жүсіпбек