Лисаковта балалар алаңы салынды

лисаков Лисаков. Қаланың бизнес өкілдері жаңа үй, футбол және балалар алаңын салуға көмектерін көрсетіп келеді. Мәселен, «Алюминий Қазақстан» АҚ өз есебінен қаланың шағын ауданында 72 пәтерлі үй салуды бастады. Көп қабатты үй осы кәсіпорынның жұмыскерлеріне берілетін болады. Сонымен қатар Евразия тобының есебінен 5 млн. теңгеге Лисаков колледжінің шатыры, «Россия» мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Октябрь кентінде футбол алаңы және балалар алаңы салынады. Оған 15млн. теңге бөлінген.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓