Патрульдік полиция көлігі апатқа ұшырады

Қостанай ІІД жол-патрульдік полициясы көлігі жол-көлік оқиғасына тап болды. Апат бойынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр.полиц
Тәртіп сақшысы оқыс жайтқа мас күйінде көлікті басқарған жүргізушінің жалма-жан ізіне түсу барысында душарласты. Ішімдікке сылқия тойған әлдекімнің машинасымен ойқастап жүргені туралы полицейлерге қостанайлық тұрғын хабарлапты. Аталған факті бойынша жол-патрульдік қызметінің жасағы жіберіледі. Автопатрулдердің бірі тәртіп бұзушыны Гашек көшесі бойынан аңғарып, соңынан қуа жөнелген. Ворошилов көшесінде қуғындағы көліктегі мас жүргізуші ара қашықтықты сақтамай, «ВАЗ-21099» көлігімен апатқа ұшырады. Аталмыш көлік жол бағанасына соғылды, «Ауди» машинасы жолда аударылып, полиция көлігіне соқтығысқан. Тәртіп бұзушы қолға түсті.

«Жол-патрульдік полицияның экипажы «Ауди» көлігінің ізінен қуғынға түскенде қауіпсіздік шараларын сақтаған, олар арнайы дыбыстық дабылды, арнайы жарықтарын қосқан», – дейді ІІД баспасөз қызметі.

Қуанышқа орай, қатты зардап шеккендер жоқ.

Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓