Нәубет төнді киікке…

Соңғы деректерге сүйенсек, Қостанай облысындағы қынадай қырылып жатқан киіктердің саны 19 мыңнан асып отыр. Бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Осыған дейінгі ақпараттарда 10 мың киіктің опат болғаны мәлімденген-ді. Онымен қоса, бұл жануарларды «пастреллез» атты жұқпалы кесел жалмап жатқаны айқындалған. Пастреллез –  қоздырғыш жұқпаға жануарлар ағзасындағы табиғи қарсыласу қабілетінің күрт төмендеуінен пайда болады.OLYMPUS DIGITAL CAMERA
Қазіргі таңға дейін 19 мың 231 киіктің өлігі көмілді. Жұмыстар жалғасын тауып жатыр. Мамандардың хабарлауынша, төтенше жағдайдың алдын орауға 515 адам мен 76 техника жұмылдырылған.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓