Мерекелік медалдар

Ұлы Жеңістің 70 жылдық құрметіне орай 214 сарыкөлдік соғыс және тыл ардагерлері мерекелік медалдарды кеуделеріне тақты.IMG_0369
Алдымен, аудан әкімі Эльдар Күзенбаев Лесной ауылында тұратын соғыс ардагері Василий Мухачев пен оның жұбайы, тыл еңбеккері, ардагер ұстаз Нина Дмитриевнаға естелік награданы табыстады. Оған қоса майдангерге тегін дәрі-дәрмек алатын 25 мың теңгенің көліменідегі сертификатты берді.IMG_0384
– Сіздерге бұл мерекелік медалді тапсыру мен үшін үлкен құрмет. Себебі, ерліктеріңіз өлшеусіз. Ұзақ ғұмыр сүріңіздер, Сіздер бізге ерекше қымбатсыздар, – деді Эльдар Қонысбайұлы.IMG_0388
Сондай-ақ, ардагергерлерді аудандық мәслихат хатшысы Күләш Базарбаева құттықтап, халық қалаулыларының атынан ақшалай сый-сыяпатпен марапаттады.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓