Болашағы бұлыңғыр бағдарлама
Шаруалардың қой өсіруге ынталары шамалы. «Алтын – асық» бағдарламасы аясында облыста 10 мың қой өсіру жоспарланған болатын. Бүгінгі күні бағдарлама тек 8% орындалып отыр. Нақты айтар болсақ, өңірде 808 қой өсірілуде. Ұсақ малдың 1362-на тағы тапсырыс берілген. Ал Жітіқара, Қамысты, Қостанай, Наурызым, Таран және Ұзынкөл мен Фодоров аудандары мен Арқалық қаласының шаруашылықтары мүлде қой қоздатуға, мал басын көбейтуге ниет білдермеген.