Он саусағынан өнер тамған…
«Мемлекетіміздің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетімен шығармашылығын қажет етеді. Сондықтан да жасөспірімдердің бойына әдемілік пен әсемдікті, эстетикалық талғамдарды сіңіру басты мақсат» дейді 3-сынып жетекшісі Әлима Дәулетова.
«Ою ойғанның ойы ұшқыр» дегендей сыныбына кірсеңіз, қолдан жасаған неше түрлі бұйымдар көздің жауын алады. Әдемілігіне таң қаласыз. Оқушыларымен бірге мектепішілік, аудандық сайыста да жүлделі орындар алып, көзге түсіп келеді. Биылғы жылы аудандық «Өрт қауіпсіздігіне» арналып өткен айлықтың суреттер сайысында бірінші орынды иеленді. Сол секілді балалар шығармашылық үйі ұйымдастырған «Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде» сәндік қолданбалы өнер сайысына қатысып, жүлделі орын алды. «Нұрлы жол» газеті Ұлы Отан соғысының 70 жылдық Жеңісіне арналған сайысқа мектептің біраз оқушыларының жұмысы жіберілді. Солардың ішінде ерекше көзге түскен жұмыстардың бірі 3 «А» сыныбының жұмысы болып тұр. 3 «А» сынып оқушыларының жұмысына көңілің ерекше шаттанып, ләззат аласың. Олардың шеберліктеріне таң қалмау мүмкін емес, жұмыртқаның қабығынан, қағаздың түр-түрінен және басқа да түрлі бұйымдардан жасалған заттарды көріп, таң қалмасқа шараң жоқ. Әрине, бұл жерде сынып жетекшісінің ерекше талғамдығынан, шығармашылығынан тәжірибелі ұстаз екендігі көрініп тұр. Оқушылардың жан дүниесіне әдемілік пен сұлулықты, айналамыздағы сұлулықты бағалауды үйрететін осындай ұстаздар көбейе берсе екен деймін.
Меруерт НҰРТАЗИНА,
№2 Ұзынкөл орта мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Ұзынкөл ауданы.