Олимпиада жеңімпазы Владимир Смирнов “Кселл” компаниясының тәуелсіз директоры болып сайланды
Олимпиада жеңімпазы Владимир Смирнов "Кселл" компаниясының үшінші тәуелсіз директоры болып сайланды. Осындай шешім Алматыда 2014 жылдың 21 мамыр айында өткен "Кселл" АҚ акционерлерінің Жылдық жиналысында қабылданды.
Өзінің тағайындалуы туралы Владимир Смирнов былай деді: ""Кселл" компаниясының ары қарай дамуы мен қалыптасуына және оның еліміздегі телекоммуникация саласындағы алдыңғы қатардағы орынын кү-шейтуге бағытталған стратегиялық мақсаттарына жеткізу үшін өз үлесімді қуана қосамын".
Смирнов мырзаның сайла-нуымен Кселл компаниясының директорлар Кеңесіндегі тәуел-сіз директорлар саны басқарма Төрағасы Ян Эрик Рудберг пен Уильям Х.Р Эйлуорд пен бірге үшке жетеді. Владимир Смирнов Кселл компаниясындағы өзінің міндеттерін Ресей мен Орталық Азия бойынша Scania Group-тің аға кеңесшісі атқарымдарымен қоса орындайды.
"Біз Владимир Смирнов мырзаның директорлар Кеңесінің қатарына қосылғанына қуа-ныштымыз, оның білімі мен әр-түрлі салалардағы және бизнес пен басқаруды қоса алғандағы тәжірибесі, жемісті қарым-қатынастың негізін қалайды деп се-нім білдіріп отырмыз. Владимирдің сайлануы директорлар Кеңесінің құрамына бірталай өзгерістер әкеледі, оның нәтижесінде тәуелсіз директорлар жалпы алғандағы директорлар санының тең жартысын құрайтын болады. Сонымен біз тәуелсіз директорлар санына қатысты ең кем нормативтер талаптарынан асыратын боламыз. Бұл "Кселл" АҚ-ның корпоротивтік басқаруын күшейтетін келесі қадамымыз" деп "Кселл" АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы, Ян Эрик Рудберг атап кетті.
Осыдан басқа, Жылдық жиналыс директорлар Кеңесі құрамына Эрик Холлберг мырзамен Ингрид Марио Стенмарк ханымды енгізді, олар TeliaSonera Group-ті өкілдік етеді.
Смирнов мырза Ресей мен Орталық Азия бойынша Scania Group-тің аға кеңесшісі. Ол қа-зақстандық шаңғышы. 1982 жылдан 1991 жылға дейін КСРО үшін, ал кейінен Қазақстан үшін бәйгелескен. 1994 жылы өткен Лиллихамерде өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қа-зақстан үшін бірінші алтын медалін ұтып алды. Владимир Смирнов әлемдік чемпионатын төрт рет жеңген болатын, 2 мәрте әлем Кубогінің иегері, 29 мәрте әлем Кубогінің жүлдегері. Бұның алдында ол Халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі болған және Қазақстан Республикасының Швециядағы қадірлі консулы болған. 1964 жылы дүниеге келген.