Дауыс беру процесі ойдағыдай өтуде
Қостанай қалалық аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы Вера Макирова сайлау басталған алғашқы екі сағатта заң бұзушылықтың болмағанын жеткізді.
Бүгін газетіміздің тілшілері таңертеңнен Қостанай қалалық аймақтық сайлау комиссиясының жұмысымен танысып, қаладағы №33, №2, №3 сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесін көріп қайтты. Қостанайда 138096 сайлаушы тіркелген. Алайда дауыс беру аяқталғанша, бұл сан да өзгеруі мүмкін. Барлық жерде бақылаушылар кезекшілік етуде. Ал ТМД, басқа да алыс-жақын шетелдерден келген бақылаушылар учаскелерді аралап жүр. Қалалық аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы Вера Макирова алғашқы екі сағат аралығында Қостанайда ешқандай сайлау заңдылығына қайшы әрекеттер тіркелмегенін, азаматтардан шағым болмағанын айтты.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ