Тәжікстанда – ресми дилер

Еліміздің ұлттық автокөлік өндіру өнеркәсібі Тәжікстан Республикасы аумағында JAC маркалы көліктерді жаппай тарату мақсатында «Холдинг Азия Групп Тәжікстан» ЖАҚ-на дилерлік өкілеттілік ұсыну жөнінде келісімге қол қойды. таджикистан
«Аллюр» компаниялар тобы» АҚ құрамына кіретін «СарыарқаАвтоПром» көлік зауыты Душанбеде өткен Тәжікстан-Қазақстан іскерлік кеңесінің жиынына барып, екі мемлекеттің орта және жеке кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі «жол картасын» қабылдау шараларына қатысты.
Аталған форум Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының бастамасымен және Қазастанның Сыртқы сауда палатасы әріптестігі аясында өткенін айта кету керек. Кеңестің басты мақсаты да айқын – екі мемлекеттің іскерлік шеңберінде сауда-экономикалық байланысты дамыту мен бекіту, инвестиция тарту, бірлескен кәсіпорындар құру, жаңа жұмыс орындарын ашу, әріптестікті нығайту.
Жиында белгілі болғандай, қазақстандық көліктер Тәжікстан нарығына шыға бастаған, қазір отандық көліктеріміз Душанбе такси паркін айтарлықтай толтырып жатыр. «Аллюр» КТ» АҚ өндіретін JAC маркалы көліктерінің алғашқы легі Тәжік еліне 2017 жылдың мамыр айында «Холдинг Азия Групп Тәжікстан» ЖАҚ арасындағы меморандум аясында жеткізілген болатын. Ал дилерлік келісімге қол қойғанға дейін қазақстандық өнімдер «KazakhExport» экспорттық сақтандырушы компания» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып келді.
– Бұл әріптестік қарым-қатынасты дамытудың маңызды әрі жауапкершілігі зор стратегиялық қадам болғалы тұр. Бұл бастамамыз Тәжікстан мемлекетіне біздің көліктерімізді жеткізу көлемін көбейтіп қана қоймай, сатып алушы тарапқа сапалы кепілдік және сервистік қызмет көрсету жауапкершілігін арттырмақ. Біздің компания үшін өнім экспорттау аса маңызға ие. Сол себепті, қазіргі әріптестігімізді одан әрі кеңейтуге бар күшімізді саламыз, – деді «Аллюр» КТ» АҚ қаржы директоры Ирина Миронова.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы бизнес-форум 12 тамызға дейін жалғаспақ. Онда «Тәжікстан – 2018» халықаралық көрмесінің ұйымдастырылып, JAC брендті автокөлігі, IVECO коммерциялық техникасы, соның ішінде Кедендік одақ елдері аумағында JAC iEV7S электромобилінің алғашқы жаппай өндірісінің тұсауын кесу күтілуде.
 
Қыдырбек Қиысханұлы
«Аллюр» КТ» АҚ баспасөз қызметінің көмегімен
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓