Обырға шалдыққандар көбейді
Қостанай облысында қатерлі ісікке шалдыққандар қатары артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны үш пайызға өскен. Статистика бойынша өңірде көбіне өкпенің қатерлі ісігіне шалдығушылық басым көрінеді. Мәселен, былтыр тыныс алу органдарының зақымдануынан науқастардың 16 пайызы көз жұмған. Мамандар мұны ауаға түрлі газдардың таралуымен және темекі шегумен байланыстырады.