Ел үміті ересен

Тәуелсіз Қазақстан өз тарихының тағы бір жаңа парағын ашты. Мемлекет басшысының биылға Наурыз айында Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген кешенді іс – шараларды жүзеге асыру мақсатында конституциялық өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді. Жаңа жоба 6-шы мамырда БАҚ – да жарияланып, 5-ші маусымда республикалық референдум белгіленді.
Реформаға сәйкес, Конституцияның үштен бір бөлігі толығымен жаңарып, Ата заңның 33 бабына 50-ден астам ауқымды толықтыру енгізіледі.
Арқалық жұрты маңызды шараға белсенділік танытуда. Сағат 17:30 –ға текті 18035 қатысушы дауыстарын берді. Бұл көрсеткішке шаққанда 76,9%7.
Сабыржан Тасмағанбет,
«AMANAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы, штаб төрағасы:
– Бүкіл учаскелерде тұрғындар қызығушылық танытып, қарқынды қатысуда. Нәтижесі ойдағыдай болатын сияқты.
Алдын ала үлкен ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілді. Штаб құрдық. Оған өмірлік тәжірибесі бар, беделді, халыққа танымал 20 адам кірді. Барлық саланы қамтуға тырыстық. Облыстық мәслихаттың депутаты Абай Мұқанов, қалалық мәслихаттың хатшысы Гүлбану Елтебаева, қалалық мәслихаттың депутаттары, жастар өкілдері қала мекемелерін, ауылдық жерлерді аралап жұмыстар жүргізді.
    Оның сыртында ҚР Парлемент Мәжілісінің депутаттары Берік Әбдіғалиұлы мен Әлия Сүйіндікқызы қаламызға арнайы іс-сапармен келіп, қала және ауылдық жерлерде халықпен кездесіп, көптеген ақпараттық – түсіндіру жасады. Бүгінгі жақсы көрсеткіштеріміз соның нәтижесі деп ойлаймыз. 
Зәуреш Латыпова,
№104 сайлау учаскесінің төрағасы:
– Біздің учаскеде 1752 адам тұрғылықты мекен-жай бойынша орналасқан. Осы уақытқа дейін, нақты айтқанда сағат 11:15 – те 722 адам өз таңдауларын жасады.Бұл процентке шаққанда – 41%. Жалпы, халықтың көзқарасы өзгерген. Әрқайсы конституциялық құқықтарын біліп, сайлау учакесіне келіп дауыс беруде.
Елбастап отырған азаматтардан жақсы үміт күтеміз. Өзге тілді құрметтей отырып, өз тілімізді құрметтейміз деп ойлаймыз. Енгізілген өзгерістерді қолдап, Ата заңымызды әрі қарай биік ұстаймыз деп үміттенеміз. Сол себептен осы референдумды өткізіп жатырмыз.
  Бекітілген мекен-жай бойынша шақыру билеттерін таратып, қоңырауларды қабылдап отырмыз. Учаскеге келе алмайтын кісілердің үйіне барып, өз таңдауларын жасауына мүмкіндік туғыздық.
Серікбай Ешімғалиев,
№106 сайлау учаскесінің төрағасы:
– Бізде тізім бойынша 1894 сайлаушы есепке алынған. Қазіргі шақта сағат 18:00-де сайлаушылар 70% дауыс беріп отыр. Халықтың келісі, үкіметтің қойып жатқан талабына көзқарастары жақсы. Қарт кісілерге, толық отбасымен келгендерге, кәмелеттік жасқа толып бірінші рет қатысушыға, алғашқы болып келшіге сыйлықтар бердік.
Айшат Серікқызы,
Алғаш қатысушы:
– Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық коллдежінің бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бірінші курсын аяқтадым. Жақында ғана кәмелеттік жасқа толдым. Бұл менің үлкен саяси шараға келіп, өзіндік көзқарасымды білдіріп жатқан ең алғашқы қадамым.
 Еліміздің әлемдік саяси аренада іргесі берік, мәртебесі жоғары бола берсін!
 
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген автор
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓