Ыстық судың берілуі тоқтатылады
Алдағы мамыр айында облыс орталығы ыстық судан ажыратылады. 11 мамырдан басталатын қысым сынау үш аптаға жалғасады. Бұл туралы «Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» МКК бас инженері Николай Беляк хабарлады. Айтуынша, әзірге ыстық судың дәл қай күні ажыратылатыны белгісіз. Анығы, егер үш тәулік бойы орташа ауа температурасы 10 градус жылылықты көрсеткен жағдайда қала үйлеріне ыстық судың берілуі тоқтатыла бастамақ.
Шұға Аңсаған