Кейбір көшелерде ыстық су мен жылу ағытылды

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс орталығындағы бірнеше көшеде ыстық су мен жылу уақытша тоқтатылды.жылу
Таңғы сағат 9-да ҚЖЭК мамандары Таран – Победа – Урицкий – Дзержинский көшелері бойындағы 33 көпқабатты үйге ыстық су мен жылу беруді уақытша тоқтатты.  Компания мұның жылу магистральдарындағы ақауды қалыпқа келтіру үшін қабылданғанын айтады. Кешкі сағат 17.00-де қайта қосуға уәде етіліп отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓