Н. Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен құттықтады

Бүгін 2014 жылдың 29 мамырында, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа салтанатты түрде қол қойды.
2 Осыдан соң ресми мәлімдеме жасау барысында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев тарихи шартқа қол қойылуымен барша азаматтарды құттықтады. «Қымбатты Қазақстанның, Ресей мен Беларусь елінің азаматтары! Ханымдар мен мырзалар! Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа салтанатты түрде қол қою рәсіміне қоғамдық өкілдер, зиялы қауым мен үш елдің Парламент депутаттарының корпусы, баспасөз өкілдері мен жастар қатысып отыр. Мен баршаларыңызды Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылуымен құттықтаймын! Біз өзіміздің экономикалық әлеуетімізді халықтарымыздың игілікте өмір сүруі үшін біріктіріп отырмыз. Еуразиялық экономикалық одақ бұл ең алдымен экономикалық бірлестік, қатысушы мемлекеттердің саяси егемендігіне еш қатысы жоқ», – деп атап өтті Н. Назарбаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓