Курскден жеткен медаль
Мереке қарсаңында Қостанай автокөлік колледжініңкітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Олейникке Ресей ардагерлеродағының атынан «Курск шайқасына 70 жыл» мерейтойлық медалі берілді.Майдангерге көрші мемлекеттен жеткен медалді «Қайсар» әскери-патриоттықклубының жетекшісі Анатолий Бадерин салтанатты түрде табыс етті.
Мұнан кейін майдангер колледжстуденттерімен кездесіп, оларға сұрапыл соғыс күндерінен сыр шертті. Әрине,Курск шайқасы – Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі ең ауыр, шиеленіске толыұрыстың бірі. 1943 жылдың шілде, тамыз айларында қырық тәулікке созылған оттыкүндер оған куә болған Григорий Олейниктің есінен кетпейді. Отан үшін кеудесіноққа төсеген батырымыз сол Курск шайқасы кезінде ауыр жараланған екен. Әрменқарай майдан шебінде жүруге жарамаған соң, оны сол арада әскери басшылық елгежібереді.
Соғыстан оралған соң Федоровауданында мектепте сабақ беріп, он төрт жылдан кейін Қостанай қаласына келіп,Қостанай педагогикалық колледжінде зейнетке шыққанша студенттерге тәлім-тәрбиеберіп, бүгінде өзінен тараған ұрпақтарынан 6 немере, 8 шөбере сүйіп отырғанынмақтанышпен жеткізді.
Басқосуда студент-жастар ҰлыОтан соғысына қатысқан С.Баймағамбетов, И.Сьянов, Б.Момышұлы, М.Мәметова,Ә.Молдағұлова, М.Ғабдуллин, Т.Бигелдинов қатарлы кеудесін оққа тосқанбоздақтарымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Шара барысында «Қайсар»әскери-патриоттық клубы мүшелерінің Жеңіс туралы патриоттық әндері айтылып,«Ұлы жеңісті ұлықтау әр азаматтың парызы» – деп, ардагерге келгені үшіналғыстарын білдірді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ