Қазақ тілінің мәртебесін түсірмейік
Қала көшелеріндегі жарнамалық тақташалар мен жеке кәсіпорындар атауларына қарасаң қазақ тілін осылайша қорланғаны үшін ішің удай ашиды. Бұл қателерді тізбекке жинай берсек, оның ұзыннан ұзақ созылары да қынжылтады.
Мына көлік жуатын орынның жарнамалық тақташасының тұрғанына көп жыл болды. Орталық көлердің бірі. Бажырайып тұрған бұл қатені тек зағип адам көрмес.
Фото сурет – тағы авто жуғыш (Абай даңғылы мен Лермонтов көшесінің қиылысы)
Осы мекемелердің иелері тақтаға тапсырыс берер алдында оның мәтінін тіл мамандарына көрсетіп алу мүмкін болмады ма екен деген ой туады. Осыншама уақыттан бері қатемен көзін шұқыған құзырлы орган қайда екен деп те ойлайсын.
Қала көшелеріндегі тақталар мен мекемелер маңдайшаларында қазақ тіліндегі жазуларда өріп жүрген қателер туралы Қостанай қалалық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне хабарласқан едік. Аталмыш бөлімнің мемлекеттік тіл бойынша маманы Сәния Молдашованың айытуынша ақпан айында мониторинг жүргіліген. Мемлекеттік тілдегі жазуда қате анықталған мекемелерге ұсыным хаттар таратылды, дейді. Енді сәуір айының соңында мамандар көше-көшелерді аралап, рейд жасамақ.
Мемлекеттік тілге осылайша немқұрайлы қарап, өрескел қателерге жол берген жеке меншік кәсіпкерлерді тек прокуратураға арыз жазып, сот арқылы жауапкершілікке тартуға болады екен. Заң бойынша тілдерді дамыту басқармасы тек «10-15 күн ішінде қатеңізді түзеңіз» деген ұсыным хат жолдаудан басқа шара қолдана алмайды. Кәсіпкерлерді тексеруге тыйым салатын мороторий де құзырлы мекеменің қолын байлап отыр.
Р.S. Құрметті оқырман! Ана тіліміздің туған елімізде мәртебесін түсірмейік десеңіз өз осы мәселеге бей – жай қарамайық. Тіл жанашылары бар болса, прокуратураға хат жолдап немесе «Қостанай таңы» газетінің сайтына қазақ тіліндегі жазуда тапқан қатеңіз туралы өз фото суреттеріңізді жолдауынызға болады. Ол суреттер топтастырылып, сайтқа жарияланады.
Махаббат Бекбай
Жарнама берушіні, осы мәтінді аударған маманды, қазақ тілін қорлап, сауатсыз аударғаны үшін – заңды жауапқа тарту қажет. Онымен жергілікті жерлердегі тілдерді дамыту бөлімі немесе басқармасы тікелей айналысуы тиіс – деп ойлаймын.