«Достық» саябағы

Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов ресми ашылымы келесі аптада жоспарланған «Достық» саябағындағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
1401290268_16 Мұнда жаңа ағаштар мен көшеттер отырғызылып, мүгедектер үшін пандус, балалар ойнайтын алаңдар мен мүсіншелер, бірнеше субұрқақ пен жарық шамдар орнатылған. Горняк мәдени-сауық орталығының жанында орналасқан демалыс кешені көпшіліктің сүйікті орнына айналары сөзсіз. Себебі бүгіннің өзінде саябақ аумағында еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейінгі қалың жұртшылықты көруге болады.
Қуаныш Есқабыл
Рудный қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓