Жерлеу үшін пара алған

image107366Қостанай қаласы.  «Стикс» кәсіпорнының директоры қалалық зиратта жер беру үшін 200 мың теңге талап етті деп айыпталуда. Қостанай облыстық прокуратурасы хабарлағандай 18 наурызда жемқорлықа қарсы агенттікке қала тұрғыны  хабарласқан. Зиратта 2013 жылы оның әкесі жерленіпті. Зираттың маңындағы жерді отбасы мүшелері өздеріне қалдырғылары келген. Бірақ зиратта жерлерді бөлумен айналысатын кәсіпорын директоры Б.Құрамысов бұған ақшалай сыйақы талап еткен. Күдікті екі жүз мың теңге пара алып жатқан уақытында қолға түсті. Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓