Айдынның асуы
Наурыз мейрамында Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында бокстан өткен Қазақстан Республикасының біріншілігінен біздің жерлесіміз Айдын Смағұл жеңіспен оралды.
Айталық, еңселі еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген былғары қолғап шеберлері бақсынаған жарыста Сарыкөл орта мектебінің оқушысы, БЖСМ-нің тәрбиеленушісі Айдын Смағұл (48 келі) үшінші орынды қанжығалап қайтты. Осы орайда айта кеткен жөн, болашағынан зор үміт күттірген бұл спортшыны бүгінгі таңда тәжірибелі бапкер Саламат Алматов тәрбиелеп жүр.
Біз, Айдынның дәл осындай асулары әлі алда деп сенеміз және сол белестерді бөгелмей бағындыра бер демекпіз!
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.