Ұлыстың ұлы күні келгенде…

   Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Наурыз мейрамы  ерекше аталып, тойланды. Наурыз мейрамы мерекесін академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтау сөзімен ашып, «Наурыз – жыл басы. Барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз – ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жыршысы, ынтымақтастықпен достықтың белгісі, өмірге нұр сыйлатын күн. Ұлыстың – үлы күні құтты болсын!», деп айтып кетті.укк
   Іс-шара барысында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, оқуда жан-жақты білімдерімен танымал болып жүрген тыңдаушыларымыз  грамоталармен және алғыс хаттарға ие болды. Сондай-ақ, күндізгі оқыту факультетінің  1 курс тыңдаушылары Акерке Мажид, Акерке Кәдірбекова, Меруерт Оразалиева оқу ордасында алып жатқан өнегелі тәрбиесімен, ішкі істер органдарының болашақ офицерге тән жасаған игі істері үшін ерекше марапатталды. 
     
уукк 1
    

Сонымен қоса, Ұлыстың ұлы күні– Наурыз мейрамына арналған «Армысың, әз-Наурыз» байқауы өтті. 
Қатысушылар «Сәлемдесу», «Мақал-сөздің мәйегі», «Музыкалық нөмір» және «Салтымызды сақтайық, ғұрпымызды құнттайық» деп аталатын төрт кезең бойынша өзара сынға түсті. Командалардың  сайысын Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Қаппасов төрағалық еткен білікті қазылар алқасы бағалады.  армысынБайқаудың мақсаты ең алдымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойын мерекелеу арқылы мемлекеттік тілді, қазақтың салт-дәстүрін насихаттау,  қызметкерлердің әдет-ғұрып, ұлттық құндылықтарға байланысты таным көкжиегін кеңейту, халықтар арасындағы бірлікті нығайту. Әр команда мүшелері  байқау аясында  өз өнерлерін, білімдерін қаншалықты білетіндіктерін көрсетті.  Нәтижесінде «Гүлдер» командасы 1-ші орынды иеленсе, «Білімпаз» командасы Бас жүлдені жеңіп алды. Өз білімдерін ортаға салған командалардың барлығы да грамоталармен марапатталды.
 
Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай
академиясының баспасөз  қызметі    

 

 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓