Назерке жүлдегер

Без имени-1Аманкелді ауданы.  Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде дәстүрлі «Ақ желкен-2015» жас әншілер байқауы өтті. 14-ші рет өткізіліп отырған байқауда аудан, ауыл мектептерінен барлығы 45 үміткер бақ сынады. Бірнеше сағатқа созылған ән байқауында амантоғайлық Назерке Амангелді бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осы ән байқауынан бастау алып облыстық, халықаралық ән додаларын бағындырған талантты жастар жетерлік. “Ақ желкен” әлі талай есімдерді елге танытып, ән өнерінің шыңына шығарары сөзсіз.    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓