Ауылшаруашылығын қолдауға 500 миллиард теңге

Агро өндіріс кешені субъектілеріне мемлекеттен 500 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінбек. «Агробизнес -2020» бағдарламасы бойынша Қазақстан шаруашылықтарына қаржылай көмек көрсету көзделіп отыр.investment 1
 

 

 
«Агробизнес – 2020» бағдарламасы 2012 жылы қабылданған болатын. Қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде бағдарлама шеңберінде қаржыландырудың көлемі артпақ. Бүгінгі күні аталмыш бағдарлама аясында 292 субъектіге 312 млрд. теңге берілген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен алдағы уақытта ақшалай қолдау көлемі 500 млрд.теңгеге жеткізілмек.агро.jpeg 1
 
 

 

 
 
Елімізде нарықтағы тұрақсыздыққа, сонымен қатар екінші деңгейлі банктерден жоғары пайыздық мөлшерлемемен несие алып, бәсекеге қабылеттілігін жоғалтып бара жатқан агро өндіріс кешенінің субъектілері аз емес. Мемлекет осындай құлдырап бара жатқан шаруашылықтарға қаржы бөліп, пайыздық мөлшерлеме көлемін төмендетуге мүмкін беріп отыр. Бұл ақшалай борышты өтеуді мемлекет өз міндетіне алып, несие мерзімін 9 жылға дейін ұзартпақ.  корова 1
 

 

 
 
Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру барысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің сапасын жоғарлатуға жергілікті бюджеттерден субсидиялар бөлу қарқын алмақ.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓