Жар. Ана. Ұстаз.

Қазіргі  заманғы даму  әйелдерден  отбасында да, қоғамда да белсенді болуын талап етеді. Елбасымыз "Әйел – отбасының, сонымен қатар  мемлекеттің де тірегі" деп дәстүрлі Жолдауында да атап өткендей еңбекқор әйелдердің еңсесі әрдайым биік.Новый рисунок (12)
Оның ішінде ұстаздық  еңбектің жолы ерекше. Ол еліміздің экономикасы серпінді  дамыған 30 елдің қатарына кіруге өз үлесін қоса алатын жеке тұлға жауапкершілігін мойнына жүктейді. Осындай қиындығы мен қызығы мол еңбекті өмірінің мақсаты тұтқан жанның бірі  Рудный қаласының  тарих  пәнінің  мұғалімі  Жанар Махатова. Ұстаздық ету  оның балдай тәтті балалық шағының  арманы  болатын.  Таудай талап пен ерен еңбек биікке жетелейді деп тегін айтылмаса керек. Бірақ, мектеп бітірі-сімен  ата-анасының  қалауымен қаржы саласын таңдады. Дегенмен, жүрек қалауымен  көңіл түкпірінде ұстаз болсам-ау деген ой жатқан еді. Ақыры орындалды да.
2010 жыл. Арқалық мемлекеттік  педагогикалық институтын тәмамдап  көкірегіне білімнің қарлығашы  ұя салған жас қыз, сол қалада Макаренко мектебінде  ұстаз атты  баспалдақтың алғашқы сатысына аяқ басады. 2010 жылы Рудный қаласына қоныс аударады.  
Жаңалыққа құштар, педагогикалық жаңалықтарды назардан тыс қалдырмайтын, ізденімпаз мұ-ғалім ұжымның назарына бірден ілікті. Ерінбегеннің еншісі басым. Астанада өлкетану ғылыми жобасында "Қазақстандағы көші-қон үдері-сі" тақырыбында баяндама  оқу нәтижесінде Республикалық 3 – дәрежелі дипломмен марапатталды. Ізденімпаз ұстаз  Сонымен қатар "Жасөспірім және заң" атты авторлық жұмысы "Оңтайлы тәжірибе" қатарына ұсынылып, бүгінде облыстық кезеңге дайындалу үстінде. 2012 жылдан бері ұжымның сенімімен кәсіп-одақ төрайымы болып тағайындалып, әріптестерін "Сосновый бор", "Мерке" сияқты курорт аймақтарына баруды ойластыруымен қатар тұрғын үй мәселесінде де жас мамандарға қолдау көрсетуден жалыққан емес.
– Ол жас болса да ұжымның анасы. Сабақ беріп қана қоймай, әріптестерінің әлеуметтік жағдайымен  да  санасады. Қайырымдылық шараларында да белсенділікпен  ұйымдастырады. Дарынды  шәкірттері облыстық, республикалық білім додасында ұстаздарының сенімін ақтап жүр. Отбасын да жақсы танимын. Балалары тәрбиелі, әдепті. Жанар шәкірттерін де балаларынан кем көрмейді. Оның ықыласына орай шәкірттері жанында үйіріліп жүреді – дейді әріптесі Әмина Шынтемірова.
Иә, расында да отбасы салмағы мен ұстаздық еңбекті қатар алып жүрген жанның да жүрекжарды пікірі осы.
– Ерте кетіп кеш оралсам да қабағын шытпай қарсы алатын жарым Амантайға дән ризамын. Екі балам да ер бала болғандықтан болар, олардың тәрбиесіне бірге атсалысады. Жұмысыңды шабытпен істеу үшін де отбасы қамқорлығы керек екен. Бұл жағынан жолым болды – дейді Жанар ағынан жарылып.
 
Роза Жарқынбекова.
 Рудный қаласы.
 
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓