“Шамшырақ” қоғамы оқушылардың білімге, ғылымға деген ынталарын арттыруда

Елбасымыз "Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында" деп бекерге айтқан жоқ. Сондықтан, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы мектеп болып табылады.окушылар
Осыдан бірнеше жыл бұрын Құсмұрындағы №28 орта мектебінде оқушылардың білімге, ғылымға деген ынталарын арттыру мақсатында "Шамшырақ" атты ғылыми қоғам ашылған болатын. Содан бері аталған қоғам республика көлемінде өтіп жүрген ғылыми конференциялардың бірін қалдырмай, үнемі қатысып келеді. Нәтиже де жоқ емес.
– Биылғы оқу жылында А.Қабдолина мен Ә.Сүйінбекова есімді оқушыларымыз Петропавл қаласында өткен "Әлемді өзім үшін және болашақ үшін сақтаймын" атты ғылыми жобаға қатысып, А.Қабдолина Ресейдегі Мәскеу академиясының экология факультетіне жолдама алды. Сондай-ақ, өткен жылы Ақтөбе қаласында мектеп оқушылары мен студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткен болатын. Біздің мектептен екі оқушымыздың да жұмыстары жоғары бағаланып, арнайы сертификат алды, – дейді "Шамшырақ" ғылыми қоғамының жетекшісі Б.Қайыпбаева.
Бәкен Қабенқызы білім ошағындағы жас мамандарды да ғылыми жұмысқа тартып, бағыт-бағдар беріп отырады. Нәтижесінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Нұрқанова, бастауыш сынып мұғалімі Г.Қалимарданова, биология пәнінің мұғалімі А.Ержанова  және  ағылшын  тілі  пәнінің А.Алиасқарова аудандық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды бағындырып та үлгерді.
Ұстаз еңбегі де бағаланбай қалған жоқ, Бәкен Қайыпбаева Қазақстан  Республикасының ғылым саласына сіңірген ерен еңбегі үшін Қ.Сәтпаев  атындағы  орденмен  марапатталды.  Сондай-ақ, халық-аралық экология және инженерия академиясының мүшесі болып та қабылданды. Айтпақшы, оқушылардың ғылыми жұмысына ерекше көңіл бөліп, жағдай тудырып отырған мектеп директоры Б.Жамалиева да аталмыш академияның Алғыс хатымен марапатталыпты.
 
Қарлығаш            ОСПАНОВА
Әулиекөл ауданы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓