Екі шала саңыраудың әңгімесі
–Қаппас, ау, Қаппас, Қаппас деймін!
– Сен немене, әй, қақпас, қақпас деп. Өзің қақпас.
– Немене?
– Өзің қақпас деймін.
– Қаппас деймін дейді. Немене, Қаппас екенімді енді білдің бе?
Екі "бүтін" саңыраудың әңгімесі
Шал, шал-ау, тұр енді, тұрмайсың ба?
Мына кемпірдің аузы жыбырлап, маған бірдеңе деп отыр-ау. Шамасы, базарға бар деп отыр-ған шығар.
– Базарға бар дейсің бе? Базарға ертең барам ғой, қазір тұзға барам.
– Шай қоям ғой, немене, таң атпай шөлдеп тұрдың ба?
– Базарға ертең барам дедім ғой. Оны немене, қайта-қайта айта бересің?
– Өй, қақпас, шайдан өлдің бе, айтқан жоқпын ба қоям деп.
– Апыр-ай, осы сенің базарың бітпейді екен. Таң атса болды, базар, базар деп қақылдайсың да тұрасың. Әкең Базаркүл деп атыңды текке қоймаған екен ғой.
– Ау, қойдым ғой шайыңды, қойдым, шай, шай деп басымды әңкі-тәңкі қылдың ғой.
– Кемпір, ол айтқаның рас, шашым өсіп кетті, алдырмасам болмас.